Мектептен тыс жұмыс орталығының қосымша білім беру ұйымы ретінде 4 бөлімшесі бар.

Зашаған кентіндегі бөлімше  көп салалы мекеме болып табылады, оның қызметі жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға, қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру арқылы шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған.

МТЖО бөлімшесінде баланың жеке басының дамуына, денсаулығын нығайтуға, ең бастысы әр баланың шығармашылық қабілеттерін және жасырын шығармашылық әлеуетін ашу үшін барлық жағдай жасалған. Бөлімшеде келесі ұжымдар жұмыс істейді: тарихи-өлкетану клубы, вокалдық, домбыра, би студиясы,сәндік-қолданбалы және бейнелеу шығармашылығы, шахмат, көшбасшылар клубы және қызығушылықтары бойынша этнографиялық үйірме. Барлық бірлестіктер МТЖО сабақтарына қатысатын әрбір тәрбиеленушіні қолдауға және дамытуға бағытталған.

 

ru_RURussian