Направления

Художественно-эстетическое

• Вокал • Хореография • Театральное искусство • Изобразительное искусство • Декоротивно-прикладное творческое

Спортивно-технологическое

• Авиамоделирование • Судомоделирование • Картинг • Таэквандо • Каратэ • Шахматы • Асық-ату • Тоғызқұмалақ

Социально-педагогическое

• Штаб Ұланбасы • Академия волонтеров • Казахский язык • Англиский язык • Клуб поэтов и журналистов • Школа лидеров

Школа молодых педагогов

Работа с педагогом - психологом

Постоянно действующие семинары ПДО

Брейк данс

Брейк данс-МТЖО-дағы жасөспірімдердің сүйікті үйірмелерінің бірі. Бидің бұл түрі әр адамның физикалық әлеуетін дамытуға көмектеседі, заманауи хореография өнеріне деген қызығушылықтарын арттырады. Брейк данске деген қызығушылық тәрбиеленушілерде бұлшықеттердің икемділігі мен күшін, төзімділік пен үйлесімділікті қалыптастырады. Мысалы, қазіргі заманғы би оқушылар бойында өз-өзіне деген сенімділікті, өзін-өзі ұстай білу, ұстамдылық сияқты қасиеттерді дамытады. Брейк данс-бұл ерекше би, ол өзінің ерекшелігімен ұлдарды ғана емес, қыздарды да тартады.

Балдырған ұзартылған күн тобы

0, 1 және 2 сынып балаларының логикалық ойлау, интеллект, есте сақтау, зейін салу, ойлау, қиял, қол саусақтарының ұсақ моторикасын және басқа да көптеген басқа да түрлерін қалыптастыруда ұзартылған "Балдырған"күн тобы үлкен көмек көрсетеді. Қосымша білім беру педагогтары дамыту сабақтарының кешенді білім беру бағдарламасын әзірледі. Маңызды және қажетті пәндер: қазақ, орыс және ағылшын тілдері, шахмат, тоғызқұмалақ, математика, тіл дамыту, вокал, хореография, дене шынықтыру, бейнелеу өнері және сәндік-қолданбалы шығармашылық үйірмелері қамтылған. Педагогтар дамыту сабақтарынан басқа балаларға мектеп бағдарламасы бойынша үй тапсырмасын орындауда көмек көрсетеді

Картинг

"Картинг"клубы ұл балалардың қызығушылығын тудыратын клуб. Клуб сабақтары оқушылардың техникалық ой-өрісін кеңейтуге, құрастыруға және өнертапқыштыққа қызығушылығын арттыруға көмектеседі. "Картинг" клубының бағдарламасы спорттық-техникалық бағытқа ие, сондықтан педагог жол қозғалысы ережесімен, жол белгілерімен және таңбаларымен таныстырады, өзінің тәрбиеленушілеріне автокөлік-картамен басқаруға деген қызығушылығын арттырады, әрбір жасөспірімді жүргізуші спортшының эмоциялық-ерік қасиеттеріне тәрбиелейді. Клубта оқыту вариативті сипатқа ие және автомобиль спорты саласында орта және жоғары мектеп жасындағы балалардың техникалық қабілеттерін дамытуды көздейді.

«Жұлдыз» би студиясы

"Жұлдыз"би студиясы тәрбиеленушілер саны көп топтардың бірі. Студияда 17 жылдан бері 2000-ға жуық бала халық және қазіргі заманғы билермен қамтылды. Студиядағы сабақтарда балалар бойында би мен музыкаға деген махаббат, ырғақ, созу, қимылдарды үйлестіру және өнер сияқты шығармашылық қабілеттер дамиды. Сабақта тәрбиеленушілер қимыл өнері арқылы денсаулықтарын нығайтады, шыдамдылықтарын дамытады, ағзаның жүрек-тамыр жүйесін белсендіруге көмектеседі. "Жұлдыз" студиясының ұжымы-көптеген қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық шығармашылық конкурстардың "Хореография" номинациясы бойынша лауреаты.

«Гармония» вокал студиясы

«Гармония» вокал студиясы 2017 жылдан бері жұмыс жасайды. Жетекшісі – Чуприс Ольга Викторовна. Студия мақсаты: оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашу, дем, артикуляция, тыныс алу, ән айту мүмкіндіктерін дамыту. Студия "Эстрадалық вокал"бағытында жұмыс істейді. Есеп беру концерттерінде "Гармония"вокал студиясы жұмысының нәтижесін көруге болады. Балалар шығармаларды орындайды, орындау техникасы мен сахнада өздерін ұстай білу қабілеттерін көрсете отырып, тек өзіне ғана емес, басқа да тыңдаушыларға да қуаныш пен рахат сыйлай алады. "Гармония" вокал студиясының тәрбиеленушілері қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары мен дипломанттары, сондай-ақ қалалық және облыстық іс-шаралар мен концерттердің белсенді қатысушылары. Вокал сабақтары кішкентай жастан бастап өзін осы шығармашылық түріне арнауды ойлайтындарға көп септігін тигізеді. Ырғақ, жақсы есту, дауыс қою және вокалдық гимнастика кез келген балаға өздерін сенімді сезінуге көмектеседі және оны әрі қарай табысты әлеуметтендіруге дайындайды.

ru_RURussian