№3 бөлімше

    Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Балаларға қосымша білім беру – жасөспірімнің білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі және баланың жеке тұлға ретінде дамуына, кәсіптік бағдар алуына тиімді жағдай жасаушы жүйе, үзіксіз білім жүйесінің ажырамас бөлігі.

Тулегенова Г.Т

Мақсаты: Қыз  баланы инабаттылыққа,ибалылыққа, кішіпейілділікке баулу, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру, ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңірген тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақ барысында қыздарға адамгершілік,адалдық,іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы,қыз намысы,сымбаты туралы, әдептілік сыпайылық, имандылық тазалық қасиеттері тақырыбында сабақтар жүргізілді.

Сисенова А

Мақсаты: Қыз балаларды тазалыққа , шаш күтімі мен дене күтіміне баулу. Шаш өру, сәдеу үлгілерін үйрету.

С/б Қыздарға шаш күтімін және шаш өру, сәндеу үйретіледі. Қосымша шашқа тағатын әдемі бұйымдар жасаймыз.

Тарасова Г

Мақсаты:  Оқушылардың дене бітімін шынықтырып,күшейту.  Музыканы есту жәнебаулу қабілетін теория және практика жүзінде іске асыру. Биді түсіну және билеу қабілетін қалыптастыру. Өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу, демалу, дер кезінде дұрыс қимыл іс-әрекеттерін жетілдіру. Музыкалық шығармалардың буын- ырғағын, екпінін, мазмұнын дұрыс түсінуге дайындау.

Лукпанова М.М

Мақсаты:Сәндік қолданбалы өнер үйірмесіне мектебіміздің бастауыш сыныбынан жоғары сынып оқушылары қатысады. Үйірме басталғалы қыздар көптеген өнер түрлерімен танысып,өз бетінше жасап та үйренді.Мысалы,тоқыма тоқып үйреніп,шалабайларға арнап қайырымдылық акциясын да өткіздік.

Одан кейін ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдарды зерттеп,зерделеп,әр түрлі әдемі заттарды жасап жатырған жайымыз бар.

 Мухатов Қ  Күзембаев О.С

Мақсаты: Қазақ хақының ұмыт қалған ұлттық ойынын дәріптеу арқылы оқушылардың өз ұлтының тарихына, салт-дәстүріне, қызығушылығын арттыру.

 Асық ойыны қазақ халқымыздың  ежелден келе жатқан дәстүрлі ойындардың бірі.Асық ату ойыны балаларды, икемділікке, мергендікке  және тағы да басқа ойлау қабілеттерін көбейтеді. Сонымен қатар қазіргі таңда асық ойыны жақсы дамып келеді.

Жақсымбетов Б.М

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту қиялын өнер мен қоршаған әлемді қабылдау, көркемдік іс-әрекетте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту. Қолдың моторикасын икемділігін дамыту.

Кабдулов М.Т

Жас ұста үйірмесі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы шеберлік қабілеттерін арттырады. Оқушылардың тәжірибелік білімін тереңдету, теориялық білімін тәжірибеде ұштастыру. Шеберханадағы техника қауіпсіздік және тәртіп ережесі. Көзге жаттығу жасау.

Салихов М.К

Мақсаты:

– тоғызқұмалақ ережелерін қолданудың бір ізділігін қамтамасыз ету, жарыс өткізу, жүйесін бір қалыпқа келтіру.

Спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті арттыру,

Ұлттық ойынды халық арасында кеңінен насихаттау және ары қарай дамыту

 

Дарменов Р.

 Мақсаты: Шахмат ойыны тарихы туралы түсінік беру. Ойын кезіндегі тәртіппен, ережелермен таныстыру. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту,есте сақтау, салыстыру,танымдық ой-өрісін жетілдіру, шахмат сабағы арқылы шығармашыл, дарынды жеке тұлға жетілдіруге жағдай жасау.

Куватова М.

Мақсаты: Оқушылар бойындағы шығармашылық  қабілеттерді ашу . Сауатты әрі көркем жазуға баулу.Оқушылардың дүниетанымын  кеңейтіп, олардың ойлау, жазу  дағдыларын дамыту.

Сонымен қатар сабақ барысында  оқушылар ақындардың өмірбаяндарымен танысып,өлеңдерін жаттап,мәнерлеп оқуға үйренеді .

Кенжагалиев А.У

Мақсаты: Оқушылардың денсаулығы мықты, ұжымда ұйымдастыру қабілеті доғары, жауапкершілігі мол  нақты қозғалыс  координациясы қалыптасқан, жылдам, өз бетінше шешім қабылдай алатын жеке тұлға қалыптастыру.

 

ru_RURussian
kkKazakh ru_RURussian