№2 бөлімше

    Желаев кентіндегі МТЖО бөлімшесіндегі жұмыс қосымша білім беруді дамытуға және ұйымдастыруға бағытталған. Бөлім педагогтарының маңызды міндеті – балаларға тұрғылықты жері бойынша сапалы қосымша білім алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету. Қолданбалы шығармашылық, вокал, хореография, тоғызқұмалақ, ұлттық ойындар сияқты әртүрлі бағыттағы үйірме  сабақтарында тәрбиеленушілер өздерінің шығармашылық әлеуетін аша алады және өзін шығармашылық тұлға ретінде көрсете алады.

    Мектептен тыс жұмыс орталығының №3 бөлімшесі Желаев селосында  №14 ЖОББМ базасында орналасқан. Бөлімшенің 2019-2020 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмыс жоспары жасақталды. Әдістемелік тақырыбы: «Оқу-тәрбие процесінде ұлттық құндылықтарды енгізу арқылы қосымша білім беру педагогтарының кәсіби өсуіне жағдай жасау»

    Мектептен тыс жұмыс орталығы №3 бөлімшесінде 17 қосымша білім беру педагогы, 21 үйірме қазіргі таңда жұмыс жасап келеді. Бөлім меңгерушісі және «Қолөнер үйірмесінің жетекшісі Нұғман Динара Жасқайратқызы. Әдіскер , «Ұлағат» үйірмесінің жетекшісі  Елемисова Арайлым Аблаевна. «Тоғызқұмалақ», «Ментальный арифметика» үйірмесінің жетекшісі Аубакирова Айтолқын Айтпаевна. «Математика», «Занимательная математика»  үйірмесінің жетекшісі Инташев Жаслан Сайлаувич, «Асық ату», «Бес асық» үйірмесінің жетекшісі Макаров Айбек Амантаевич. «Тех дизайн» , «Авиамодельдеу» үйірмесінің жетекшісі Мерханов Ербол Гайсиевич. «Теннис» үйірмесінің жетекшісі Набиев Асылбек Махмутович. «Жұлдыз» би тобының жетекшісі Салыхова Аягүл Гизатовна. «Бокс» үйірмесінің жетекшісі Еслямгалиев Адилгазы Еркингалиевич. «Баскетбол» үйірмесінің жетекшісі Халиоллин Асылбек Зұлқарнаевич. “Шебер қолдар” үйірмесінің жетекшісі Надыргожин Ришат Аскарович. Жоғары біліммен -16 педагог, арнаулы орта-1. Бірінші санат -2, екінші санат-5.

ru_RURussian
kkKazakh ru_RURussian