Орал қалалық білім беру бөлімінің Мектептен тыс жұмыс орталығы №1 қалалық пионерлер және оқушылар үйінің құқықтық мұрагері болып табылады. Орал қалалық әкімшілігі бастығының 01.09.1992 жылғы №847 Шешімімен қалалық пионерлер және оқушылар үйі Мектептен тыс жұмыс орталығы болып өзгертілді.

Орал қалалық білім беру бөлімінің «Мектептен тыс жұмыс орталығы» ҚМКҚК БҚО Әкімінің 1999 жылғы №65 қаулысымен құрылды.

Орал қаласы Әкімінің «№2,3 балалар шығармашылығы Үйлерін қайта құру туралы» 1999 жылғы 19 наурыздағы №200 Шешімімен және қалалық білім беру басқармасының «№2,3 балалар шығармашылығы Үйлерін қайта құру туралы» 1999 жылғы 25 наурыздағы №113 Бұйрығымен 01.01.1999 ж. жалпы оқушылар контингентін сақтай отырып, 25.03.1999 ж. 3 білім беру ұйымын - №2 балалар шығармашылығы Үйін, №3 балалар шығармашылығы Үйін, Мектептен тыс жұмыс орталығын бір-біріне қосу арқылы біріктірілді.

Мектептен тыс жұмыс орталығы 1967 жылы салынған 2 қабатты типтік балалар бақшасы ғимаратында орналасқан, жалпы ауданы 1311,9 м2.

Балалар бақшасының топпен жұмыстануға арналған 8 сынып бөлмесі бар: хореографиялық зал, кітапханасы мен оқу залы бар әдістемелік кабинет, техникалық шығармашылықпен айналысуға арналған 2 шеберхана, бейнелеу студиясы кабинеті, қолданбалы өнер кабинеті, шахмат клубы және спорт залы.

Орал қалалық қаржы бөлімінің және жергілікті бюджет және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді орналастыру және Орал қаласы коммуналдық меншігіндегі объектілерді заңды және жеке тұлғаларға мүліктік жалға беру, сондай-ақ коммуналдық меншіктегі объектілерді сенім білдірілген Басқармаға өткізу бойынша комиссияның Шешімімен «Мектептен тыс жұмыс орталығы» ҚМКҚК бөлімшесін Орал қалалық білім беру бөлімінің «№13 мектепке дейінгі ұйым» МКҚК меншігіндегі жалпы ауданы 292,55 м2 болатын БҚО, Орал қаласы, Линейная көшесі, 1/2 мекен-жайы бойынша орналасқан ғимаратқа орналастыру туралы хаттамалық шешім (2008 ж.16 ақпандағы №4 Хаттама, №14 пункт) қабылданды. Сонымен қатар «Мектептен тыс жұмыс орталығы» ҚМКҚК бөлімшесін №13 ЖОББМ меншігінде тіркелген, жалпы ауданы 172,62 м2 болатын. БҚО, Орал қаласы, Гагарин көшесі, 153 мекен-жайы бойынша орналасқан ғимаратқа орналастыру туралы хаттамалық шешім (2008 ж.16 ақпандағы №4 Хаттама, №13 пункт) қабылданды.