• CVR2.jpg
  • DSC08498.jpg
  • DSC08547.jpg
  • DSC08574.jpg
  • DSC08626.jpg
  • DSC_0182.JPG
  • IMG_0335.JPG
  • IMG_2056.JPG
  • IMG_4884.JPG
  • IMG_9586.JPG
  • Polety2.jpg

Мектептен тыс жұмыс орталығының ресми сайтына қош келдіңіздер!

Орал қалалық білім беру бөлімінің Мектептен тыс жұмыс орталығы негізгі және қосымша білімді, балалардың бос уақыты мен білімдік дамытушылық қызметті біріктіретін  көп  бағытты қосымша білім беру мекемесі болып саналады.
Жұмыстың негізгі бағыттары:
-заманауи талаптарға сай қосымша білімді ұйымдастыру; 
-шығармашылық байқауларға, шеберлік сыныптарына, семинарларға қатысу арқылы оқушылар мен педагогтардың өзіндік білімдерін жетілдірулеріне жағдай жасау. 
-біліктілік арттыру, білім жетілдірудің түрлі бағыттары арқылы қосымша білім беру педагогтарының кәсіптік біліктілігін арттыру;
-ғылыми практикалық, эксперименттік қызметтерді ұйымдастыру мен өткізу.
 2015-2016 оқу жылында Мектептен тыс жұмыс орталығында 13 бағытта 372 топта  5104 тәрбиеленуші, оның ішінде  2840 ұл бала,  2264 қыз бала. Жалпы орта білім беретін мектептер базасында 23 бағыттағы 150 топта   2250 оқушы шұғылданады.
 221 бірлестікте сабақтар мемлекеттік тілде жүргізіледі. 1-4 сыныптар 25%, 5-7 сыныптар 47,4 %, 8-11 сыныптар 25%.
МТЖО-да білім үрдісімен қамтамасыз ету мақсатында келесі бағытта бағдарламалар жүзеге асырылады:
-көркем-эстетикалық - 77 ұжымда 1035 оқушы.
-техникалық – 18/213
-сәндік-қолданбалы өнер  – 17/220
-туристік-өлкетану -  14/201
-спорттық – 173/2496
-тілдік– 19/166
-қоғамдық-гуманитарлық -  15/244
-жаратылыстану-математикалық – 10/144
-интелектуалдық спорт түрлері – 29/385

 

Наши звезды

Мұқан Шолпан

2000 жылы туылған, № 42 «Ақ ниет» гимназиясының оқушысы, «Ақберен» жас ақындар мектебіне 2007 жылдан қатысады «Қадыр оқулары» сайысының «Жас ақын» номинациясы бойынша II орын (2013ж) Қалалық «Сәкен оқуларының» III орын (2013ж.), Қ.Мырза Әлиді еске алуға арналған «Тұлпар болғым келеді» мүшәйрасының бас жүлдегері (2013ж) Махамбеттің 210 жылдығына орай өткен облыстық мүшәйраның II орын жүлдегері (Орал қаласы, 2013жыл) Облыстық «Балдәурен» фестивалінде II орын (2013 жыл), қалалық дәстүрлі «Сәкен оқуларының» бас жүлде (2013ж) «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» республикалық форумның «Мен мамандықтар әлемінде» - әдеби байқау номинациясының жеңімпазы (Астана қаласы 2014ж) Қалалық «Абай оқулары» I орын, 2015ж Облыстық «Жайық толқыны» фестивалінің «Жас ақын» аталымы I орын, 2015ж Жетекшісі – жоғары біліктілік санатты қосымша білім беру педагогы Қуаныш Талап Таймасұлы.