• CVR2.jpg
  • DSC08498.jpg
  • DSC08547.jpg
  • DSC08574.jpg
  • DSC08626.jpg
  • DSC_0182.JPG
  • IMG_0335.JPG
  • IMG_2056.JPG
  • IMG_4884.JPG
  • IMG_9586.JPG
  • Polety2.jpg

Мектептен тыс жұмыс орталығының ресми сайтына қош келдіңіздер!

Орал қалалық білім беру бөлімінің Мектептен тыс жұмыс орталығы негізгі және қосымша білімді, балалардың бос уақыты мен білімдік дамытушылық қызметті біріктіретін  көп  бағытты қосымша білім беру мекемесі болып саналады.
Жұмыстың негізгі бағыттары:
-заманауи талаптарға сай қосымша білімді ұйымдастыру; 
-шығармашылық байқауларға, шеберлік сыныптарына, семинарларға қатысу арқылы оқушылар мен педагогтардың өзіндік білімдерін жетілдірулеріне жағдай жасау. 
-біліктілік арттыру, білім жетілдірудің түрлі бағыттары арқылы қосымша білім беру педагогтарының кәсіптік біліктілігін арттыру;
-ғылыми практикалық, эксперименттік қызметтерді ұйымдастыру мен өткізу.
 2015-2016 оқу жылында Мектептен тыс жұмыс орталығында 13 бағытта 372 топта  5104 тәрбиеленуші, оның ішінде  2840 ұл бала,  2264 қыз бала. Жалпы орта білім беретін мектептер базасында 23 бағыттағы 150 топта   2250 оқушы шұғылданады.
 221 бірлестікте сабақтар мемлекеттік тілде жүргізіледі. 1-4 сыныптар 25%, 5-7 сыныптар 47,4 %, 8-11 сыныптар 25%.
МТЖО-да білім үрдісімен қамтамасыз ету мақсатында келесі бағытта бағдарламалар жүзеге асырылады:
-көркем-эстетикалық - 77 ұжымда 1035 оқушы.
-техникалық – 18/213
-сәндік-қолданбалы өнер  – 17/220
-туристік-өлкетану -  14/201
-спорттық – 173/2496
-тілдік– 19/166
-қоғамдық-гуманитарлық -  15/244
-жаратылыстану-математикалық – 10/144
-интелектуалдық спорт түрлері – 29/385

 

Наши звезды

Дарибаев Дамир

1997 жылы туылған, Құрманғазы атындағы Орал саз колледжінің студенті. «Октава»вокал үйірмесіне 2012 жылдан бері қатысады Қазақстанның IX Ұлттық халықаралық Дельфийлік ойындарының қалалық кезеңінің II - орын иегері (2013ж) «Жұлдызай» фестивалінің облыстық кезеңінде I орын, республикалық кезеңінің дипломанты (2013ж) Халықаралық «Culture s Spor Organization »фестиваліне қатысушы (Түркия – 2014ж) Республикалық «Development Leadership Day»байқауына қатысушы (2014ж) Республикалық «Бейбітшілік ырғағындағы балалар» атты байқауға қатысушы. (2015ж) Халықаралық жас маэстролардың «Золотой ключик» атты телевизиялық фестиваль-байқауының жеңімпазы. (Астрахань қаласы 2015ж) Жетекшісі – бірінші біліктілік санатты қосымша білім беру педагогы Кукленкова Валентина Евгеньевна